«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

25-тармағының 18) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақта:

«және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті» деген сөздер «өз құзыреті» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген сөздер алып тасталсын;

25-тармағының 19) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

19) 23-баптың 4) тармақшасындағы «іс-қимылдық», «іс-қимыл» деген сөздер тиісінше «іс-қимылдың», «саясат» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 24-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, лауазымды адам бұл туралы жоғары тұрған басшыны және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік органның, ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығын және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуге тиіс.

Өзге жеке тұлғалар дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мен органдарға хабарлауға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамның жоғары тұрған басшысы, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;

25-тармағының 20) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «іс-қимыл» деген сөз «күрес» деген сөзбен ауыстырылсын;

25-тармағының 21) - 23) тармақшалары 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

21) 24-2-бапта:

1-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте, егер мемлекеттік органның немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген басқа ұйым мен уәкілетті мемлекеттік органның арасында осы Заңның 24-3-бабының 3-тармағында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалса, онда келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысына қатысуға шақыру және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдар тиісті уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша келісімі алынғаннан кейін осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелерді осы бапта белгіленген тәртіппен қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.»;

3-тармақтың екінші бөлігіндегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

22) 24-3-бапта:

4-тармақтағы «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «іс-қимыл» деген сөз «күрес» деген сөзбен ауыстырылсын;

23) 24-4-бапта:

1-тармақта:

3) тармақшадағы «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;

4) тармақшадағы «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

25-тармағының 24) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

24) 4-тараудың тақырыбы «құқық бұзушылықтардың» деген сөздерден кейін «және мүдделер қақтығысының» деген сөздермен толықтырылсын;

25) 25-бапта:

тақырыптағы «көрсетілген қызметтердің» деген сөздер «ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

«немесе заңсыз алынған» деген сөздерден кейін «жеңілдіктердің,» деген сөзбен толықтырылсын;

«Көрсетілген органдар» деген сөздер «Аталған органдар мен лауазымды адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ «(немесе) заңсыз алынған» деген сөздерден кейін «жеңілдіктердің,» деген сөзбен толықтырылсын;

3-тармақтағы «заңсыз көрсетілген қызметтің» деген сөздер «заңсыз ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілген қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

25-тармағының 26) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

26) 26-бапта:

тақырыптағы «бұзушылықтар нәтижесінде» деген сөздер «бұзушылықтардың немесе орын алған мүдделер қақтығысының салдарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген мүдделер қақтығысы жағдайында қабылданған немесе жасалған актілердің, шарттардың, мәмілелердің немесе басқа да шешімдердің күші жойылуы немесе олар жарамсыз деп танылуы мүмкін.»;

27) 27-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын.

26. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

3-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацындағы «заңсыз айналымымен байланысты акциялардың алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу» деген сөздер «заңсыз айналымымен» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«сыбайлас жемқорлықпен байланысты акциялардың алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу;».

27-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

27. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

15-бап:

4-тармақтың 2) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.

28. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы, 4) тармақшасының үшінші абзацы, 5) және 6) тармақшалары, 8) тармақшасының үшінші абзацындағы «қылмыс жасаған;» деген сөздер «қылмыс жасаған адам қабылдана алмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы, 7-тармағы, 8-тармағының 2) тармақшасы, 10-тармағының 4) тармақшасы, 11-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және жетінші абзацтары алып тасталсын;

2) 2-баптың 1) тармақшасындағы «алтыншы абзацтарын;» деген сөздер «алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын.

29-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

29. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

34-баптың 1-тармағы «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.

30-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

30. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

23-бапта:

3-тармақтың 2) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.

31-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

31. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

22-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мүдделер қақтығысы болған кезде ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өздігінен бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті.».

32. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 69) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын;

2) 2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.

33. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының сегізінші абзацы, 5-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацы, 7-тармағы 2) тармақшасының он жетінші абзацы және 6) тармақшасының он жетінші абзацы алып тасталсын;

2) 2-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «төртінші абзацтарын;» деген сөздер «төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, үшінші абзацы және 2-тармағы алып тасталсын.

34. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 13-тармағы 19) тармақшасының отыз үшінші абзацы алып тасталсын;

2) 2-баптың екінші абзацындағы «12-тармақтарын;» деген сөздер «12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, үшінші абзацы алып тасталсын.

35-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

35. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

14-бапта:

тақырыптағы және бірінші абзацтағы «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және іске асырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;»;

6) тармақшадағы «іс-қимыл жөніндегі» деген сөздер «саясат жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап.

1. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын, 2-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 5 және 7-тармақтарын, 8-тармағының 1) тармақшасын, 9, 10 және 15-тармақтарын, 17-тармағының 1), 2), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларын, 19-тармағын, 24-тармағының 1) тармақшасын, 25-тармағы 1) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының алтыншы абзацын, 12) - 17) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 19) тармақшасын, 20) тармақшасының алтыншы абзацын, 21) - 23) тармақшаларын, 27, 29, 30 және 35-тармақтарын;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының он төртінші абзацын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 3) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 13-тармағы 3) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 17-тармағының 6) тармақшасын, 9) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 21-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бесінші абзацын және 4) тармақшасын, 22-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 23-тармағын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 25-тармағы 1) тармақшасының екінші - он бесінші, он тоғызыншы - жиырма төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы - он бірінші, жиырма үшінші - жиырма алтыншы абзацтарын, 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 24) және 26) тармақшаларын және 31-тармағын;

3) алғаш ресми жарияланған күнінен кейін үш жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын, 17-тармағының 3) тармақшасын, 21-тармағының 1) тармақшасын, 22-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін:

1) 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2-1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;»;

2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) жұмыскер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды атқаратын жұмыскер сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға тиіс.»;

3) 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«4) 53-баптың 12-тармағы 2) тармақшасындағы «қаулысы негізінде жүргізіледі.» деген сөздер «қаулысы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) жұмыскер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген қаулысы негізінде жүргізіледі.»;»;

4) 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;

5) 1-баптың 13-тармағының 1) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;

6) 1-баптың 16-тармағының 2) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;

7) 1-баптың 16-тармағының 3) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;».

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 маусым

        № 311-VIII ҚРЗ